Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Нормативтік-құқықтық актілер

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
3 шілдеде, 2014 жыл  № 228-V ҚРЗ

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, спортшыларды дайындау үшін қазіргі заманға сай, техникалық қызмет көрсету және бұқаралық дене шынықтыруды  дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негіздерін, Қазақстан Республикасының әуесқой және кәсіпқой  спорттын анықтайды.

Заң жобасының негізгі мақсаты ағымдағы үрдістері мен қызметі талаптарын және бұқаралық дене шынықтыру ұйымдары, әуесқой және кәсіпқой спорттың дамуын  қамтамасыз ету үшін, дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерінің  анықтамасын, заңнамалық базасын  жетілдіру.

Құжат спорт және спорт ұйымдарының қызметін реттеу мәселелерін, Үкіметтің өкілеттігін, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарды кеңейту қарастырылған.

Сонымен қатар, кәсіпқой  спорт саласының қызметін реттейтін ережелер  мен  спорт федерацияларының қызметіне қойылатын талаптар, спорт клубтары, федерациялар, студенттік және мектеп лигаларында  білім алу құқығын белгілейді.  Одан бөлек, допинг-бақылаудың жолдары мен әдістерін, спорттық медицина және спорттық іс-шараларды  жоспарлау және оларды өткізу тәртібі  анықтап, құқықтық бағытын реттейді.

Заң спорттық іс-шаралар, кәсіпқой спорт субъектілерінің арасындағы дауларды реттеуге  қатысып, кәсіпқой  спорт қызметінің келісім-шарттарының  жасалуы және тоқтатылуы,  спортшылардың басқа ұйымға  көшуін  және жоғары  дәрежедегі  спортшыны  дайындауды реттейді.

Бұл заңның  маңыздылығы:
- Тұрақты дене шынықтырумен айналысатын  Қазақстан халқының санын арттыру.
- Елімізде спорттық қозғалысты және кәсіпқой спортты дамыту.
- Салауатты өмір салтын  насихаттау.

- Қазақстан халқының  денсаулығын жақсарту, экономикалық белсенді азаматтардың   салауатты өмірін салтын жақсартуға ықпал ету.
- Денсаулық сақтау және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік шығыстарды азайту.

Төменде көрсетілген сілтеме бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы»  Заңның мәтінін таба аласыз: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000228

Біздің серіктеріміз: