Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Басшының блогы

Құрметті спорт сүйер қауым, әріптестер және достар!

Сіздерді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жеке сайтында көруге қуаныштымыз. Осы сайттан сіздер алматылық спортшылардың әр түрлі жарыстарға қатысуы жөніндегі толық және нақты ақпаратты ала аласыздар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасына қатысты соңғы жаңалықтармен таныс боласыздар.

Елімізде дене шынықтыру және спортты дамыту – мемлекетіміздің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Спортшыларымыздың әлемдік ареналардағы жеңістері халықаралық қауымдастық алдында еліміздің имиджін арттырса, жеңіс тұғырында көк туымыздың желбіреуі, Қазақстан үшін ең үздік позициялау болып табылады!

Сондықтан бұл сала көбірек жауапкершілікті қажет етеді. Себебі қазақстандық спортшылардың жеңістері де оқшауланған қалыпта емес, жүйелі қалыптасқан үрдіске айналуы қажет.

Бүгінгі күні Алматы Республикамыздағы ең ірі спорт орталығына айналды. Бұл жылы қаламызда бұқаралық спортты дамытудың «Спорттық Алматы» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама түрлі бағыттағы спорттық іс-шараларды біріктіріп, барлық жастағы  қала халқын жүйелі спортпен айналысумен қамту.

Баршаңызды алда келе жатқан жаңа 2017-жылмен құттықтаймын! Келер жыл еліміз үшін де, қаламыз үшін де аса маңызды екендігін айтқым келеді. Себебі, Алматы 28-ші Дүниежізілік  қысқы Универсиаданы  қабылдайды. Дүбірлі додада баршамызды қуантарлық жеңістер мен естен кетпес естеліктер күтетініне сенім білдіремін.

Құрметпен, Әбіл Бекетұлы Дөңбаев.

 

Тұрғындарды қабылдау: Жұма – 15:00-17:00

Біздің серіктеріміз: