Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Алматыда УЕФА Кубогының Төрттік финалы өтеді


2017 жылы 28, 30 сәуірде «Алматы Аренада» өтетін УЕФА Кубогының Төрттік финалында «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Югра» (Ресей) және «Қайрат» АФК (Қазақстан) өзара сынға түседі!

16 жылда алғаш рет УЕФА Кубогының Төрттік финалын ұтқан немесе шешуші ойынға қатысқан командалар кездесіп, күш сынасады.

Толық оқу 26-04-2017, 17:00


 

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді

 

Сәуірдің 27-і мен 28-і күндері Алматыда, «Нархоз» университетінің спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді.

Толық оқу 25-04-2017, 15:00

Әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

 

Бүгін әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық ойыны өтті. «Айсұлу» мен астаналық «Томирис» командалары бірінші орынды сарапқа салды. Финалдық матч 2:0 есебімен алматылық ұжымның пайдасына шешілді. Осылайша, астаналықтар күміспен күптелсе, өскемендік «Торпедо» қоланы қанағат тұтты.Чемпионаттың үшінші кезеңінде барлық кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Айсұлу» командасы бүгін де қарсыластарына шайба соғуға мүмкіндік бермеді. Александр Мальцев шәкірттері абсолюттік жеңімпаздар екенін дәлелдеді. Шешуші ойында қарсыластар қақпасына Мадина Тұрсынова мен Зарина Тухтиева мергендігімен көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады. 

Толық оқу 24-04-2017, 15:00

Алматыда  дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

 

Бүгін дзюдодан Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасында халықаралық турнир  өз мәресіне жетті. Халықаралық додаға  6 елден 500-ге  жуық спортшы қатысты. Жарыс  нәтижесі төмендегідей:

Толық оқу 23-04-2017, 14:00


Әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры жалғасуда

 

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде әйелдер арасында хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры жалғасуда. Бүгін кезекті ойындар алматылық «Айсұлу» мен «Торпедо» хоккей командалары арасында өтті. Сонымен қатар, кешірек, астаналық «Томирис» пен алматылық «Жұлдыз» кездесті. Соңғы кездесу 15:1 есебімен, астаналық Томирис хоккей клубының жеңісімен аяқталды.

Толық оқу 22-04-2017, 14:30

Қос алматылық хоккей командаларының ойыны  «Айсұлудың» айқын жеңісімен аяқталды

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның кезекті ойындары  өтті. Алматылық «Айсұлу» командасы Қазақстан біріншілігін сәтті жалғастыруда. Бүгін екі алматылық хоккей клубтарының кездесуінде Александр Мальцевтың командасы «Жұлдыз» хоккейшілерін 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Жұлдыз» клубын ойсырата ұтқан «Айсұлу» хоккейшілері қарсыластарына бірде бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

Толық оқу 21-04-2017, 18:30

Біздің серіктеріміз: