Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

«Алматы Аренада» тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді

 

«Алматы Аренада» тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді

 

Тоғызқұмалақ – 4000 жылдық тарихы бар қазақ халқының ұлттық ойыны.  Бұл ойын түркі тілдес халықтарда да кең тараған.  Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық федерациялар жұмыс жасайды. Алматы қаласында №16 олимпиада резервінің жасөспірімдер мектебінде тоғызқұмалақ бөлімі бар. Жыл сайын тоғызқұмалақтан республикалық, қалалық чемпионаттар, турнирлер өткізіліп тұрады.

19-04-2017, 12:00 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

 

«Алматы Аренада» тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді

 

Тоғызқұмалақ – 4000 жылдық тарихы бар қазақ халқының ұлттық ойыны.  Бұл ойын түркі тілдес халықтарда да кең тараған.  Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық федерациялар жұмыс жасайды. Алматы қаласында №16 олимпиада резервінің жасөспірімдер мектебінде тоғызқұмалақ бөлімі бар. Жыл сайын тоғызқұмалақтан республикалық, қалалық чемпионаттар, турнирлер өткізіліп тұрады.

 2017 жылы 21 сәуір  сағат 09:00-де «Алматы Арена» спорт сарайының   Мусрят Елибакиев атындағы шахмат және тоғызқұмалақ клубында  тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді. Турнирде қаланың үздік тоғызқұмалақшысы №157 мектеп-гимназияның 11  сынып оқушысы Әлімжан Әйгерім қатысады деп күтілуде.  Жарысқа сондай-ақ, мектеп және колледж оқушылары, әуесқойлар қатыса алады. 

         Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқарма,  Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны қауымдастығы, Алматы қаласы № 16 ОРМЖСМ,  «Алматы қалалық спорт құрылыстары дирекциясы» ЖШС.

         Ойын тоғызқұмалақтың рапид түрінен, 7 турдан, швейцариялық жүйе бойынша, үш  жас ерекшелігі: 10,12,14 жастан жоғары қыздар, ұлдар арасында  өтеді. 

Турнир басталу қарсаңында «Алматы Арена» спорт кешенінде Мусрят Елибакиев атындағы шахмат және тоғызқұмалақ клубының тұсау кесері өтеді. Мусрят Елибакиев- 1964жылы туылған.  2014 жылы Талдықорған Политехникалық  колледжін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. Тоғызқұмалақтан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері.  Тоғызқұмалақтан Европа Интеллектуалды Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2011 жылы Прага қаласында өткен Әлем чемпионатының  Алтын медаль иегері, 2013 жылы командалық есепте Европа Интеллектуалды Фестивалінің жеңімпазы атанды. 2010 жылы Астана қаласында өткен Әлем чемпионатында төрешілік атқарды.  1986-1994 ж.ж. Қазақстан зағиптар қоғамында спорт жөніндегі әдіскер,  2009-2012 ж.ж. Қайназар жалпы білім беретін мектебінде шахмат және тоғызқұмалақтан жаттықтырушы, 2012-2014 ж.ж.  «Мейірімді ел» МҚҚ тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып қызмет атқарды. «Мейірімді Ел» МҚҚ төрағасы.

 

 

Сондай-ақ қызық

2017 жылдың 18 ақпанында № 1 Оқушылар үйінде ЖШС «Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру клубының» ұйымдастыруымен ұлттық ойын тоғызқұмалақтан оқушылар арасында қалалық жарыс өткізілді. Жарысқа Алматы қаласының 8 командасы қатысып, келесі көрсеткіштерге қол жеткізді. 

Толық оқу 20-02-2017, 14:38

2016 жылғы 11 - 14 қараша аралығында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру клубы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Алматы қаласы № 1 Оқушылар үйінде жалпы білім беру мектептері оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған тоғызқұмалақтан қалалық жарыс өткізілді

Толық оқу 15-11-2016, 15:38

Біздің серіктеріміз: