Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Қазақстан Республикасының IV жастар ойындары басталды

Қазақстан Республикасының IV жастар ойындары басталды

Қызылордада  сәурдің 6-ы мен 12-і аралығында  IV жастар спорттық ойындары гандбол мен тоғызқұмалақтан бастау алды. Сонымен қатар, күрестен Атырауда, ал гимнастика мен самбодан Шымкент қаласында жалғасын тапты.  Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардан спортшылар спорттың 35 түрінен бақ сынайды. Жарыстарға 2000-2002 жастар аралығындағы жеткіншектер қатыса алады.

Жоғарыда аталып өткендей, ҚР IV жастар спорттық ойындары спорттың отыз бес түрінен өтпек, оның сегізінен жарыстар өз мәресіне жетті. Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында теннис жарыстарымен жабылу салтанаты өтеді.  

Шараның басты мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу

19-04-2017, 15:00 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары / Фоторепортаж

Қазақстан Республикасының IV жастар ойындары басталды

Қызылордада  сәурдің 6-ы мен 12-і аралығында  IV жастар спорттық ойындары гандбол мен тоғызқұмалақтан бастау алды. Сонымен қатар, күрестен Атырауда, ал гимнастика мен самбодан Шымкент қаласында жалғасын тапты.  Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардан спортшылар спорттың 35 түрінен бақ сынайды. Жарыстарға 2000-2002 жастар аралығындағы жеткіншектер қатыса алады.

Жоғарыда аталып өткендей, ҚР IV жастар спорттық ойындары спорттың отыз бес түрінен өтпек, оның сегізінен жарыстар өз мәресіне жетті. Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында теннис жарыстарымен жабылу салтанаты өтеді.  

Шараның басты мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.

№9 ОРМБЖМ директоры Тахир Кашкули:

- Біздің мектептің балалары спорттық гимнастикадан бірінші орынды иеленді. Сарапқа салынған отыз орынның ішінен жиырма алтын медальды жеңіп алдық. Сондай-ақ, мен осы жарыс-ойындарының бас төрешісі болдым. Спорттық гимнастикаға 8 облыстың спортшылары қатысты. Менің ойымша, біздің ұжымның спортшылары шеберліктерімен  ерекшеленді. Әрине бірінші күн, менің шәкірттерім қобалжулы болды, бірақ, кейіннен жиналып, мақсаттарына  жетті.. Мен өз спортшыларымды мақтан тұтамын,төрешілер де аянбай қызмет етті. Біздің мектеп спортшылары бірінші орынды иеленсе, екінші орынды ОҚО, ал Қарағанды облысынан келген жасөспірімдер қола жүлдені жеңіп алды. Енді, біз алдағы жарыстарға дайындық үстіндеміз, соның бірі Азия чемпионаты. Жақсы нәтижелермен елімізге ораламыз деген үміттеміз.

ҚР IV жастар ойындарының   8 спорт түрінен  жарыстар аяқталды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бірінші орынға жайғасса,  Алматы құрамасы екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті Астана командасы түйіндеді.

 

Назарларыңызға IV жастар ойындарының нәтижелерін  ұсынамыз:

Еркін күрес (Атырау)

I орын – ОҚО

II орын – Ақтөбе облысы

III орын – Алматы

Грек-рим күресі (Атырау)

I орын – Алматы облысы

II орын – Қостанай облысы

III орын – СҚО

Әйелдер күресі

I орын – ОҚО

II орын – Алматы облысы

III орын – Алматы

Гандбол (Қызылорда)

I орын – Қызылорда обласы

II орын – ОҚО

III орын – Астана

Тоғызқұмалак

I орын – ОҚО

II орын – Павлодар облысы

III орын – БҚО

Көркем гимнастика  (Шымкент)

I орын – Астана

II орын – ОҚО

III орын – ШҚО

Спорттық гимнастика

I орын – Алматы

II орын – ОҚО

III орын – Қарағанды облысы

Самбо

I орын – ОҚО

II орын – ШҚО

III орын – БҚО

 

 

Сондай-ақ қызық

Осы сенбі мен жексенбі күндері, 2017 жылдың 18-19 наурызында, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арсында жарыс-ойындары өтеді.

Толық оқу 16-03-2017, 15:04

Алматы қаласындағы кезекті велошеру, жексенбі, 25 қыркүйек күні өтетін болады. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізіледі. 

Толық оқу 22-09-2016, 16:00

Біздің серіктеріміз: