Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Алматылық «Айсұлу» хоккей клубы Қазақстан Чемпионатын жауынгерлік көңіл күймен бастамақ

Алматылық «Айсұлу» хоккей клубы Қазақстан Чемпионатын жауынгерлік көңіл күймен бастамақ

 

Әлем чемпионатына қатысқан алматылық «Айсулу» хоккей командасы  Қазақстан чемпионаттың шешуші соңғы кезеңіне дайындық үстінде. Ел біріншілігінің үшінші туры бүгін басталып,  сәуірдің 24-і күні өз мәресіне жетпек. Нәтижесінде, осы маусымның жеңімпазы анықталатын болады.

 

Атап кетсек, осы жылы Қазақстан чемпионатына 5 команда қатысады: «Айсұлу» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен), «Жұлдыз» (Алматы) и «Горняк» (Рудный). Бүгінгі таңда, турнир кестесінде  астаналық команда көш бастап тұр.

 

20-04-2017, 09:00 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары / Фоторепортаж

Алматылық «Айсұлу» хоккей клубы Қазақстан Чемпионатын жауынгерлік көңіл күймен бастамақ

 

Әлем чемпионатына қатысқан алматылық «Айсулу» хоккей командасы  Қазақстан чемпионаттың шешуші соңғы кезеңіне дайындық үстінде. Ел біріншілігінің үшінші туры бүгін басталып,  сәуірдің 24-і күні өз мәресіне жетпек. Нәтижесінде, осы маусымның жеңімпазы анықталатын болады.

 

Атап кетсек, осы жылы Қазақстан чемпионатына 5 команда қатысады: «Айсұлу» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен), «Жұлдыз» (Алматы) и «Горняк» (Рудный). Бүгінгі таңда, турнир кестесінде  астаналық команда көш бастап тұр.

 

- «Айсулу» хоккей клубы алдыңғы екі турға қатыспаған, себебі, біздің клуб мемлекеттік, университеттік командалар құрамасының негізі. Осыған байланысты, ойыншылардың барлығы аса ауқымды жарыстарда: Универсиада, Азия, Еуропа және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғады.  Жақында Польшада өткен әлем біріншілігінде біздің қыздар екінші орынды жеңіп алды. Ал өткен жылы осы девизионда қоланы иеленді. Біздің ойыншылар өсіп келеді, тәжірибиелерін кеңейтуде. Азия ойындарында да жақсы көрсеткіштер көрсетті. Командамыздың жас болғанына қарамастан, біз үшінші орындамыз, - деп атап өтті  «Айсұлу» хоккей  клубы директорының орынбасары Сергей Петриченко.

 

Бір күндік демалыстан кейін команда үшінші кезеңге дайындалуда. Атап өтсек, спортшылар Қазақстан біріншілігінде жеңілмеген болатын. Сергей Алеексевичтің айтуынша, алматылық  ұжым ел чемпионы атануға бір табан жақын. Сондай-ақ, ол алға қойған мақсаттарымен бөлісті:

 

- Осы маусым аяқталысымен жылдың нәтижелері қорытындылатын болады. Ойыншыларды демалысқа жібереміз, содан соң, төрешілер құрамы келесі маусымға жоспар дайындаймыз.

 

 «Айсұлу» клубының  капитаны   осы маусымда командасының  чемпион болатынына   сенімді. Мәселен, Меруерт Рыспек құрамаға да, осы турға да жақсы дайындалғанын айтты. Оның айтуынша, хоккейден өз мүмкіндіктерін қарсылыстарына таныта біледі.

 

- Көңіл күйіміз тамаша. Кішкене шаршағандығымыз сезіліп жатыр. Бірақ, біз тек  қана жеңіске ұмтыламыз. Қарсыластарымызды жақсы білеміз. Олар осал емес, алайда біз алға қойған мақсатымызға жетіп, осы чемпионатты жеңеміз. Польшада өткен әлем чемпионаты жайлы айтатын болсақ, турнирдің ұйымдастыру деңгейі мен мұз сапасы өте ұнады. Біз онда екінші рет  сынға түстік, жеңіс үшін барған болатынбыз. Бірақ Польша командасының аутсайдерлеріне жеңіліп қалдық. Аздап еңсеміз түскені рас, біз жеңіске жетеміз деп ойладық, - деп қорытындылады «Айсулу» командасынығ капитаны Меруерт Рыспек.

 

Айта кетер жайт, Ел біріншілігі Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде бүгін  10:00-де басталады. 

 

Назарларыңызға чемпионаттың кестесін ұсынамыз:

 

20 сәуір, бейсенбі:

10:00 – 12:15. «Айсұлу» - «Горняк»

12:45 – 15:00. «Томирис» - «Торпедо»

 

21 сәуір, жұма:

10:00 – 12:15. «Айсұлу» - «Жұлдыз»

12:45 – 15:00. «Торпедо» - «Горняк»

 

22 сәуір, сенбі:

10:00 – 12:15. «Айсұлу» - «Торпедо»

12:45 – 15:00. «Томирис» - «Жұлдыз»

 

23 сәуір, жексенбі:

10:00 – 12:15. «Томирис» - «Горняк»

12:45 – 15:00. «Жұлдыз» - «Торпедо»

 

24  сәуір, дүйсенбі:

10:00 – 12:15. «Айсұлу» - «Томирис»

12:45 – 15:00. «Жұлдыз» - «Горняк»

 

 

Алматы қаласының Дене шынықтыру

және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 

8-775-564-60-10

8-707-702-07-90

 

 

Сондай-ақ қызық

Қос алматылық хоккей командаларының ойыны  «Айсұлудың» айқын жеңісімен аяқталды

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның кезекті ойындары  өтті. Алматылық «Айсұлу» командасы Қазақстан біріншілігін сәтті жалғастыруда. Бүгін екі алматылық хоккей клубтарының кездесуінде Александр Мальцевтың командасы «Жұлдыз» хоккейшілерін 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Жұлдыз» клубын ойсырата ұтқан «Айсұлу» хоккейшілері қарсыластарына бірде бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

Толық оқу 21-04-2017, 18:30

«Айсұлу»клубы «Горняки» хоккейшілерін ойсырата ұтты

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның үшінші туры басталды.  Алматылық «Айсұлу» хоккейшілері ел біріншілігінің топтық кезеңін айқын жеңіспен бастады. Алматылық ұжым Рудный қаласынан келген «Горняки» командасын 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Толық оқу 20-04-2017, 17:30

Біздің серіктеріміз: