Алматы қаласының
Дене тәрбиесі және
спорт басқармасы

Әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

 

Бүгін әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық ойыны өтті. «Айсұлу» мен астаналық «Томирис» командалары бірінші орынды сарапқа салды. Финалдық матч 2:0 есебімен алматылық ұжымның пайдасына шешілді. Осылайша, астаналықтар күміспен күптелсе, өскемендік «Торпедо» қоланы қанағат тұтты.Чемпионаттың үшінші кезеңінде барлық кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Айсұлу» командасы бүгін де қарсыластарына шайба соғуға мүмкіндік бермеді. Александр Мальцев шәкірттері абсолюттік жеңімпаздар екенін дәлелдеді. Шешуші ойында қарсыластар қақпасына Мадина Тұрсынова мен Зарина Тухтиева мергендігімен көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады. 

Толық оқу 24-04-2017, 15:00

Алматыда  дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

 

Бүгін дзюдодан Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасында халықаралық турнир  өз мәресіне жетті. Халықаралық додаға  6 елден 500-ге  жуық спортшы қатысты. Жарыс  нәтижесі төмендегідей:

Толық оқу 23-04-2017, 14:00


Әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры жалғасуда

 

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде әйелдер арасында хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры жалғасуда. Бүгін кезекті ойындар алматылық «Айсұлу» мен «Торпедо» хоккей командалары арасында өтті. Сонымен қатар, кешірек, астаналық «Томирис» пен алматылық «Жұлдыз» кездесті. Соңғы кездесу 15:1 есебімен, астаналық Томирис хоккей клубының жеңісімен аяқталды.

Толық оқу 22-04-2017, 14:30

Қос алматылық хоккей командаларының ойыны  «Айсұлудың» айқын жеңісімен аяқталды

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның кезекті ойындары  өтті. Алматылық «Айсұлу» командасы Қазақстан біріншілігін сәтті жалғастыруда. Бүгін екі алматылық хоккей клубтарының кездесуінде Александр Мальцевтың командасы «Жұлдыз» хоккейшілерін 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Жұлдыз» клубын ойсырата ұтқан «Айсұлу» хоккейшілері қарсыластарына бірде бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

Толық оқу 21-04-2017, 18:30

«Айсұлу»клубы «Горняки» хоккейшілерін ойсырата ұтты

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның үшінші туры басталды.  Алматылық «Айсұлу» хоккейшілері ел біріншілігінің топтық кезеңін айқын жеңіспен бастады. Алматылық ұжым Рудный қаласынан келген «Горняки» командасын 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Толық оқу 20-04-2017, 17:30

Алматылық «Айсұлу» хоккей клубы Қазақстан Чемпионатын жауынгерлік көңіл күймен бастамақ

 

Әлем чемпионатына қатысқан алматылық «Айсулу» хоккей командасы  Қазақстан чемпионаттың шешуші соңғы кезеңіне дайындық үстінде. Ел біріншілігінің үшінші туры бүгін басталып,  сәуірдің 24-і күні өз мәресіне жетпек. Нәтижесінде, осы маусымның жеңімпазы анықталатын болады.

 

Атап кетсек, осы жылы Қазақстан чемпионатына 5 команда қатысады: «Айсұлу» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен), «Жұлдыз» (Алматы) и «Горняк» (Рудный). Бүгінгі таңда, турнир кестесінде  астаналық команда көш бастап тұр.

 

Толық оқу 20-04-2017, 09:00

Біздің серіктеріміз: